ҚР Үкіметінде ЕҚДБ-мен ынтымақтастық талқыланды: Астана қаласы, 29 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Үкіметінде ЕҚДБ-мен ынтымақтастық талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Орталық Азия бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директорының м.а. Хусейн Өзхан және ЕҚДБ директорының Қазақстан бойынша орынбасары Асқар Намазбаев қатысты.

Тараптар өзара ынтымақтастық, бірлесіп іске асырылатын жобалар мен жинақталған тәжірибе, соңғы жылдары елімізде болған тиімді экономикалық өзгерістер туралы пікір алмасты.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда үлкен тәжірибесі бар ЕҚДБ Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға енгізілген жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ басқа халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту мақсатында жобаларды құрылымдауға қызығушылық танытты.

«ЕҚДБ-ның мақсатты қолдауы мен белсенді қатысуының арқасында елімізде Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін бірқатар бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр», — деп атап өтті Н. Байбазаров кездесуде.

Қазақстан Үкіметінің ЕҚДБ-мен «жасыл» энергетика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздерін дамыту әрі жеке бизнес салаларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеуге дайын екені атап өтілді.

Анықтама: Қазақстандағы қызметін бастағаннан бері ЕҚДБ ел экономикасына 327 жоба арқылы  €10,3 млрд инвестициялады.

Ақпарат көзі: Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Орталық Азия бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директорының м.а. Хусейн Өзхан және ЕҚДБ директорының Қазақстан бойынша орынбасары Асқар Намазбаев қатысты.

Тараптар өзара ынтымақтастық, бірлесіп іске асырылатын жобалар мен жинақталған тәжірибе, соңғы жылдары елімізде болған тиімді экономикалық өзгерістер туралы пікір алмасты.

Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда үлкен тәжірибесі бар ЕҚДБ Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға енгізілген жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ басқа халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту мақсатында жобаларды құрылымдауға қызығушылық танытты.

«ЕҚДБ-ның мақсатты қолдауы мен белсенді қатысуының арқасында елімізде Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін бірқатар бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр», — деп атап өтті Н. Байбазаров кездесуде.

Қазақстан Үкіметінің ЕҚДБ-мен «жасыл» энергетика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздерін дамыту әрі жеке бизнес салаларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеуге дайын екені атап өтілді.

Анықтама: Қазақстандағы қызметін бастағаннан бері ЕҚДБ ел экономикасына 327 жоба арқылы  €10,3 млрд инвестициялады.

Аймақтағы жаңалықтар