ҚР Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
19 маусымда Павлодар облысы ТЖД жұмыс сапарымен ҚР Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы Асқарбек Шаменов барды. Кездесу барысында өңірдің өрт қауіпті кезеңге дайындығы мәселелері талқыланды.
Делегация өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды, орманды дала өрттеріне тартылатын гарнизон күштері және құралдарымен, сондай-ақ арнайы іс-шараларды өткізу кезінде тұрақты, қорғалған радиобайланысты қамтамасыз етуге арналған командалық пунктті жедел өрістету мүмкіндігімен КШМ арнайы автокөлігінің жұмысымен танысты.
Дағдарыс жағдайлары басқармасының жұмысы, күштер мен құралдарды тарту жоспарлары, орманшылармен өзара іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ теле- және радиоқабылдағыш механизмі назардан тыс қалмады. Сапар соңында орманды дала өрттерін сөндіру жөніндегі жедел штабпен барлық мүдделі органдармен кеңес өткізілді, онда ТЖД қызметкерлері жедел ақпаратты жеткізді.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -