ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ұлттық күнтізбені дәріптеуге атсалысады
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен QazScience семинарында студенттерге ұлттық құндылықтарды сақтауға және насихаттауға бағытталған Ұлттық күнтізбе таныстырылды.
Бұл тұсаукесер – республикалық Qazaq club жанындағы рухани құндылықтарды сақтау және насихаттау орталығы мен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бірлескен жобасы.
Бүгінгі таңда күнтізбе 26 рухани құндылықты, 40 тарихи тұлғаны, 19 тарихи, 20 этнографиялық және 10 әскери-патриоттық күнді, 6 салтты, 3 халықтық мерекені жүйелеп, насихаттайды.
— Ұлттық күнтізбеге Қазақстанның тарихи тұлғалары мен дәстүр, салттары және тарихи мәліметтер көптеп жинақталған. Оны тәрбие процесінде белсенді пайдалануға болады. Бұл жоба ғылыми қоғамдастыққа қызықты және біз оны қолдаймыз, — деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясы жанындағы пәнаралық ғылым орталығының директоры Қуантар Әлиханов.
Өз кезегінде күнтізбе авторы Нұржан Сұршаұлы бұл тұсаукесердің жыл сайын өтетінін сөз етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -