ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ: Астана қаласы, 27 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА АКАДЕМИКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін, 27 тамыз күні, Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға 42 ЖОО мен 40-қа жуық ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам жас ғалымдар қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөзінде Қазақстан ғылымы саласындағы жүйелі реформалардың маңыздылығын және ғалымдардың салмақты дауысқа ие болатын жаңа басқару механизмін құру қажеттілігін атап өтті. Ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру және оған мемлекеттік мәртебе беру осы жаңа жүйенің негізгі элементі екендігіне тоқталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнеүндеуінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымдағы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру арқылы оның рөлін арттыру туралы тапсырмасын еске салды. Ол бұл тапсырманы іске асыру кезеңдерін, соның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құруды және Академияға Президент жанындағы ерекше мәртебе беруді атап өтті.

Министр сондай-ақ жақында ғана қол қойылған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның ғылым саласындағы соңғы уақыттағы басты жаңалық екенін атап өтті. Арнайы құттықтау сөзін жіберген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының елдегі ғылым мен білімнің негізгі орталығы екендігін еске салып, Академияның мақсаттары қаланың дамуының негізгі бағдарламаларымен тығыз байланысты екенін баса айтты. Ол жаңа академиктерді лайықты атақтарымен құттықтап, отандық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқандығын атап өтті.

Жаңадан сайланған академиктерге дипломдар мен төсбелгілерді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ресми түрде табыс етті. Бүгінгі іс-шара Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалымдардың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ ел дамуындағы ғылымның маңызды рөлін айқындап, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңартылған құрамын қалыптастыру үрдісінің бастауын белгіледі.

Осы іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста кеңес төрағасы Мақсат Жабагин кеңестің алты айлық жұмысы туралы есеп берді. Жиынға академиктер де қатысып, өзара сабақтастық қалыптасты. Жас ғалымдар отандық ғылымның дамуын талқылап, тың ұсыныстар айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ғылым академиясы – әр түрлі білім салаларының жетекші ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіретін елдегі ең жоғары ғылыми ұйым. Академия Қазақстандағы ғылымның, технологияның және инновацияның дамуында маңызды рөл атқарады, ғылыми зерттеулерге, білімді таратуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседі.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар