ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген ескертулер жойылды: Астана қаласы, 15 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген ескертулер жойылды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген ескертулер жойылды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген ескертулер жойылды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымдары мен штат саны Еңбек министрлігінің ұсынымдарына сәйкес келтірілді. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит барысында Техникалық реттеу комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары – «Қазстандарт» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК – штат бірліктері санының ұтымды арақатынасы бөлігінде Еңбек министрлігінің бекітілген ұсынымдарын ескермегені анықталды.

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасын орындау үшін Комитет талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша осы ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас директорларының бұйрықтарымен анықталған ескертулер жойылды.

Сонымен қатар Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Бұл да – Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасындағы тармақтардың бірі. Жаңа орталық «КазСтандарт» РМК құрылымына енді.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p><b>ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымдары мен штат саны Еңбек министрлігінің ұсынымдарына сәйкес келтірілді. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілді.</b></p> <p>Мемлекеттік аудит барысында Техникалық реттеу комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары – «Қазстандарт» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК – штат бірліктері санының ұтымды арақатынасы бөлігінде Еңбек министрлігінің бекітілген ұсынымдарын ескермегені анықталды.</p> <p>ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасын орындау үшін Комитет талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша осы ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас директорларының бұйрықтарымен анықталған ескертулер жойылды.</p> <p>Сонымен қатар Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Бұл да – Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасындағы тармақтардың бірі. Жаңа орталық «КазСтандарт» РМК құрылымына енді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар