ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының Ақтөбе облысына жұмыс сапары
18 маусым күні ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасы Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен келді. Іс-сапардың негізгі мақсаты - аумақтық бөлімшелердің жұмысымен танысу, өңірдегі проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.
Сапар барысында ол бірқатар нысандарға барып шықты. Қалалық өрт сөндіру бөлімдері, жедел құтқару жасағы, оқу орталығы, Апаттар медициналық орталығы, және жаңадан құрылған 20982 әскери бөлімі жеке құрамымен кездесіп, материалдық техникалық жағдайын қарады.
Ақтөбе облысы әкімдігіне барып, облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесіп, «109» ахуалдық орталығының жұмысын көрді.
Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің әкімшілік ғимаратына барып, бірқатар проблемалық мәселелерді талқылады.
Іссапар соңында өткізілген шаралар қорытындыланып, тиісінше тапсырмалар берілді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -