ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы тағайындалды
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Әбуева Анаргүл Аманжолқызы Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Анаргүл Әбуева 1984 жылы РФ Астрахан облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік құқық академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.
Төтенше жағдайлар органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Штаб-департаменті бастығының орынбасары лауазымында, сондай-ақ Атырау облысы ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -