ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Астана қаласы мен Жамбыл облысының азаматтары қатысып, министрге жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласына қатысты сұрақтарын қойды.
Министр Саясат Нұрбек тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ол қабылдау барысында азаматтардың көтерген мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, қоғамды алаңдататын жоғары білім саласындағы өзекті сұрақтарды шешу – министрліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ ведомство басшысы ғылым және жоғары білім саласындағы соңғы жетістіктер мен енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Ол жоғары білім беру жүйесін дамыту, зерттеу инфрақұрылымын кеңейту және қазақстандық университеттердің халықаралық аренадағы беделін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Министр азаматтардың ұсыныстарын ескеріп, сала басшыларына осы мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындардың талап-тілектерін негізге ала отырып, бұл мәселелердің уақтылы әрі тиімді шешілуіне назар аударылатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай қабылдаулар халықпен байланысты нығайтуға және азаматтардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Министрлік азаматтармен ашық және тұрақты байланыс орнатуды жалғастыра бермек, бұл өз кезегінде ғылым және жоғары білім беру саласының сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жетілдіруге ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -