ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки БҚО ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өңірдің ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Ең алдымен вице-министр Махамбет университетінің ғылыми және білім беру қызметінің негізгі жетістіктерінің көрмесімен танысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беруді дамыту мәселелері болды. Дархан Ахмед-Заки Министрліктің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылап, негізгі жетістіктерін жиналғандар назарына ұсынды. Өз баяндамасында сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы айтты. Вице-министр тоқталған негізгі бағдарламалардың қатарында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар.
ҚР Президентінің тапсырмасы шеңберінде жасанды интеллектті енгізуге және цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Дархан Ахмед-Закидің пікірінше, бұл – елдің білім беру және ғылым саласын табысты дамыту үшін маңызды элемент болмақ.
Сондай-ақ вице-министр брифинг өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Брифингтен кейін Дархан Ахмед-Заки азаматтарды жеке қабылдауында сала мамандарын мазалайтын сұрақтарына көңіл бөлді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -