ҚР ЖАП аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды
ҚР ЖАП аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды
Мемлекеттік меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға 115 млн-нан астам теңге талап етілмеген кепілдік жарналары қайтарылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілуде.
«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның қызметіне аудит жүргізу кезінде жалпы сомасы 131 млн-нан астам теңгеге 3 600-ден астам сауда-саттыққа қатысушының талап етілмеген кепілдік жарналарының бар екендігі анықталды. ЖАП оларды қайтару бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша тиісті портал пайдаланушыларына 115 млн-нан астам теңгеге кепілдік жарналары немесе жалпы соманың 87,8%-ы қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін e-qazyna.kz веб-порталы мемлекеттік мүлік тізілімі және тиісті сауда-саттық туралы мәліметтерге ресми қол жеткізу нүктесі болып танылғанын естеріңізге сала кетейік. Бұл өзгеріс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша да енгізілді
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -