ҚР Жоғары аудиторлық палата өкілдері жоғары аудит органдарының қызметін бағалаудың халықаралық жүйесін зерделеді
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының өкілдері 4-7 маусым аралығында Манила қаласында (Филиппин) өткен Жоғары аудит органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі (SAI PMF) жөніндегі кеңейтілген семинарға қатысты.
Жоғары аудит органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі халықаралық стандарттар мен басқа да озық әдістер негізінде оларды дербес немесе алқалы сыртқы бағалауға негіз болады. Бұл жоғары аудит органдарының болашақ даму мәселелері бойынша өз ұйымында және одан тыс жерлерде сенімді өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік береді.
Семинардың негізгі мақсаттарының қатарында:
Азия өңіріндегі жоғары аудит органдарының әлеуетін одан әрі нығайту; тиімділікті кешенді бағалау жүйесі туралы білімді кеңейту және оның қолданылуы; сондай-ақ тәуелсіз талдау жүргізу әдістері туралы хабардар ету.Іс-шараға қатысу ИНТОСАИ (IDI) даму бастамасының қолдауымен жүзеге асырылды.
Анықтама ретінде: ИНТОСАИ (IDI) даму бастамасы – бұл Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының бір органы, ол осы ведомстволардың әлеуетін дамытуға және мемлекеттік аудиторларды кәсіптік оқытуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -