Референдум-2024: облыс әкімі Асхат Шахаров дауыс берді
Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 орта мектепте орналасқан №541 учаскесіне барып, референдумда дауыс берді.
«Бүгінгі референдумға қатысты өз құқығымды пайдалана отырып, дауыс бердім. 18 жасқа толғаннан кейін ең бірінші рет дауыс бергенім есте. Содан бері еліміздегі ешбір саяси науқанды жіберген емеспін. Әрдайым белсенділік көрсету, өз құқын пайдалану, елдегі болып жатқан жағдайларға етене араласу - әр адамның құқығы және борышы», - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Айта кетейік, аймақта 569 845 сайлаушы бар. Олар 530 учаскеде дауыс береді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -