Ресми хабарлама
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -