Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын орындаудағы жанқиярлығы, сондай-ақ елдегі су тасқыны кезеңінде көрсеткен батылдығы үшін Бейсенғали Дүйсебаев мемлекеттік награда «Ерігі үшін» медалімен марапатталды.
Бейсенғали Дүйсебаев 1990 жылы 25 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. 2006 жылы Бейсенғали Алматы автомобиль-жол колледжін «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Бейсенғали Республикалық жедел-құтқару жасағында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін адал, бастамашыл және жауапты қызметкер ретінде көрсетіп, бірнеше ТЖ жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан. Сондай-ақ, 2015 жылы Алматы қаласында сел шығарындыларының салдарын жоюға ат салысты. Теңіз деңгейінен 3 мың метрден асатын биіктікте іздеу-құтқару жұмыстарында үлкен тәжірибесі бар.
2023 жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысты. Ол сондай–ақ Ауғанстандағы жер сілкінісінің зардаптарын жоюшылардың құрамында болып, ең қиын учаскелердің бірі-наиброфиде, яғни хабар-ошарсыз кеткендердің саны ең көп жерде жұмыс істеді.
2024 жылдың наурыз айында жедел топ құрамында Ақтөбе облысы мен Орал қаласында авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, барлығы 272 адам, оның ішінде 39 баланы құтқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -