Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау –халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің біз үшін орны бөлек. Өскелең ұрпаққа табандылықтың, шыдамдылықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп келесіздер.Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Ерен еңбектеріңіз, қоғам үшін жасаған барлық істеріңіз, шыдамдылық пен төзімділіктеріңіз үшін алғыс білдіреміз, сіздерді әрқашан қолдауға дайынбыз.Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін. Әр күндеріңіз тек қуаныш әкелсін, айналадағы адамдардың ықыласы жүректеріңізге жылу сыйласын.
Құрметпен, Қостанай облысының әкімі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -