Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Астана күнімен құттықтаймын! Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанды және оның қарқынды дамуының символы – елордамыз Астананы ұлықтап, еліміз үшін маңызды күнді атап өтеміз.
Астана – еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, әлемнің барлық аймағынан келген адамдар үшін үлкен мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әркім өз орнын тауып, армандарына қол жеткізуде.
Елордамыз әлдеқашан халықаралық аренада ерекше сәулетімен, заманауи келбетімен көз тартатын танымал әрі сұлу қалаға айналды. Зәулім ғимараттар, заманауи саябақтар мен мәдени орындар бас қаланы әдемі етіп қана қоймай, өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы қалаға айналдыруда.
Сонымен қатар, Астана жиі саяси келіссөздер мен ірі оқиғалар алаңына айналды. Күні кеше ғана өткен Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форум, халықаралық цифрлық технологиялар форумы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – соның . Бұл іс-шаралар қаламыздың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді.
Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын салтанаты шалқыған бас қаламыздың мерекесімен құттықтаймын! Келбеті күн санап келіскен, қазақтығымызды әлемге паш ететін өркениетті ордамыз тек құлпырып, көркейе берсін!
Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -