Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің медицина қызметкерлері!
ТЖМ жүйесінде «Апаттар медицинасы орталығы», «М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері», «Жедел-құтқару жасақтары» және «Әскери бөлімдер» қызметкерлері қызмет етеді.
Сіздердің қызметіңіз қоғамда әрдайым игілікті әрі сұранысқа ие болып қала береді. Сізге адам денсаулығы мен өмірі үшін зор жауапкершілік жүктелген.
Өз атымнан және бүкіл Министрлік атынан Сізге ауыр еңбегіңізге және қоғам игілігі үшін жасап жатқан жолыңыздағы жұмысыңыз үшін алғыс айтамын.
ТЖМ барлық медицина қызметкерлеріне күш-жігер, қажымас қайрат, денсаулық, жұмыстарыңызда табыс, отбасыларыңызға тыныштық пен бақыт тілеймін.
Ш. Әрінов
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-майор
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -