Құрметті жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!
25 қазан – еліміз үшін маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді.
Ортақ жұмысымыздың арқасында біз алға жылжудамыз. Бар күш-жігерімізді мемлекет пен халықтың мүддесіне жұмылдырып, оны бәрінен де жоғары қоятын болсақ, алға қойған мақсатқа жетеміз. Қаламызды дамытып, мәртебесін көтеру жолында бірлесе жұмыс істеуді жалғастырамыз.
Қазақстанымыздың әрбір азаматының жүрегінде сенім мен үміт болсын! Біздің елімізде әрқашан қуаныш, бейбітшілік және береке орнасын. Республика күні құтты болсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -