Өрт қауіпті кезеңде қауіпсіз демалу
Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері демалыс аймақтарында тұрақты негізде нұсқамалар өткізеді.
Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, орман алқабына жақын орналасқан ықтимал қауіпті учаскелерде 56 елді мекен, 17 балалар сауықтыру орталығы, 21 демалыс аймағы және 2 саяжай қауымдастығы бар.
Табиғи өрттерді жою үшін мыңнан астам адам, 262 бірлік техника және 6 өрт сөндіру пойызы бар күштер мен құралдар дайындалды. Бүгінгі таңда мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 млн.теңгеден асқан 39 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -