Өрт сөндіру бекеттері жаңа автокөліктермен толықтырылды
Бүгін Ақтөбе облысының әкімдігінде ауылдық елді мекендердің әкімдіктерінің өрт сөндіру бекеттеріне арналған арнайы автокөліктердің кілттері табыс етілді.
Олардың барлығы табиғи және тұрмыстық өрттерді сөндіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған.
Ақтөбе өңір басшысының орынбасары Ғалымжан Елеуов кілттерді тапсыру рәсіміне қатысып, автопарктің ұлғаюуы ҚР ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жоқ алыс ауылдық елді мекендеріне өрттерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
Өрт сөндіру бекеттері - азаматтық қорғаудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі. Бекет қызметкерлері өз аумағында отпен және басқа да төтенше жағдайлармен күресу бойынша бірдей жауынгерлік міндеттерді орындайды.
Ол үшін кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар мықты жетілдірілген материалдық-техникалық база болуы қажет.
Бекеттерге қызметтік шағын өрт кешенді машиналардың 18 кілті берілді, осылайша облыстың 18 ауылдық округінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -