Өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының рекордтары
7-8 қыркүйекте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XIX әлем чемпионатының екінші кезеңі ерлер мен әйелдер арасында кедергілері бар 100 м жолақты еңсеру, шабуыл сатысымен көтерілу бағыттары бойынша өтті.
Екінші талпыныстың алдын ала жарысы барысында ТЖМ әйелдер ұлттық құрамасының спортшысы Шығыс Қазақстан облысынан келген Регина Митрофанова 16,22 секунд нәтижесімен әйелдер арасында ұлттық рекорд орнатты.
Алдын ала жарыс барысында ТЖМ ерлер ұлттық құрамасының спортшысы Қарағанды облысынан келген Бауыржан Текенов үздік сегіздікке енді. Бірінші жартылай финалдық жарыста ол 15,22 секунд нәтижесін көрсетіп ұлттық рекорд орнатты және финалдық жарысқа қатысып, жеке есепте үшінші орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Текенов Бауыржан ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша көтерілуде 13,3 секунд нәтижесін көрсетіп, Қазақстан Республикасының рекордын орнатты. Осылайша ол жеке біріншіліктерде Қазақстан Республикасының абсолютті рекордсменіне айналды.
Әйелдер арасындағы оқу мұнарасының 2-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бағытындағы рекордты Астана қаласынан келген Алла Серікханова 6,92 секунд нәтижесімен жаңартты.
Командалық есепте ТЖМ әйелдер ұлттық құрамасы 3-орынға, ал ерлер ұлттық құрамасы 4-орынға ие болып, чемпионат иелерінен 0,71 сек айырмашылықпен қоладан ұтылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -