Өрт-тактикалық оқу-жаттығу балалар лагерінде
«Орман» профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысының өрт сөндірушілері Бесқарағай ауданының орман алқабында орналасқан «Радуга» сауықтыру лагерінің аумағында жаттығулар өткізді.
Аталған оқу-жаттығуға Абай облысы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Жүнісова және Абай облысы ББ адамгершілік-рухани даму, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Елдос Сүлеймен қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты өрт туындаған жағдайда лагерь қызметкерлері мен балалардың іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ эвакуациялау және өртке қарсы қызметтермен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау болды.
Оқу-жаттығу теориялық бөлімнен басталды, онда Департамент қызметкерлері балалар мен лагерь қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері мен судағы мінез-құлық ережелері туралы дәрістер оқыды. Дәріс соңында құтқарушылар викторина өткізу арқылы балалардың білімдерін нығайтты.
Содан кейін жаттығулардың практикалық бөлігі басталды, оның барысында балалар мен қызметкерлерді лагерь корпустарынан эвакуациялау дағдылары, сондай-ақ шартты өрт ошағын оқшаулау және жою бойынша әрекеттер пысықталды.
Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін өрт сөндірушілер жаттығуларға талдау жүргізіп, жағымды жақтарын және мүмкін болатын кемшіліктерді атап өтті.
Өткізілген өрт-тактикалық оқу-жаттығу балалар мен қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға, тез және қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын пысықтауға, лагерь мен өртке қарсы қызмет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -