Рудный қаласында кезекте тұрғандар жаңа пәтерлердің кілтін алды
Бүгін, 26 желтоқсанда, Рудный қаласында Сеченов көшесі, 1 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің жаңа қоныстанушыларына кілттер табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Рудный қаласының әкімі, «Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры, БАҚ өкілдері, тұрғындар мен қонақтар қатысты.
Жаңа пәтердің көптен күткен кілттерін кезекте тұрған отбасы алды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, толық емес отбасылар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Барлығы «Отбасы банк» АҚ жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын пайдаланып, сатып алу-сату шарттарын рәсімдеді.
Жаңа тұрғын үйді «Рудныйсоколовстрой» АҚ салды. Үйдің жалпы ауданы – 3456,14 шаршы метр, барлығы 45 пәтер бар. Олардың ішінде бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер ұсынылған.
Өз сөзінде Құмар Ақсақалов азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті:“Біз мүмкіндігінше көп отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуы үшін бар күшімізді саламыз. Бүгін кезекте тұрғандар тек өз баспаналарына ғана емес, болашаққа деген сенімдеріне де ие болды. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.”
Салтанатты рәсім пәтер кілттерін табыстаумен және жаңа қоныстанушыларды құттықтаумен аяқталды. Бүгінгі күн олар үшін өмірдің жаңа парағын ашқан айтулы күн болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -