Үржар ауданында медицина пункті ашылды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Бұл медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы амбулаториялық медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Медициналық пункт бір мезетте 25 адамды қабылдайды. Нысан дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Заманауи стандарттарға сай салынған ғимарат ем-шара қабылдау мен физиотерапия кабинеттері, дәріхана және науқастар мен қызметкерлер жайлылығы үшін қажетті басқа да бөлмелермен жабдықталған. Пункт су, жылу желілері, электрмен жабдықталып, пандустар орнатылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -