Абай облысы бойынша 2024 жылғы қарашадағы тұтыну бағасының индексі
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қарашада өткен айға қатысты алғанда 101,1 % құрады.
2024 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
2024 жылғы қараша
2024 жылғы қаңтар- қараша
2023 жылдың қаңтар- қарашасына
2024 жылдың
қазанына
2023 жылдың
желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
101,1
108
108,7
Азық-түлік тауарлары
100,7
105,3
106,3
Азық-түлік емес тауарлар
100,8
107,8
106,8
Ақылы қызметтер
101,8
112
114,7
Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қарашада 2024 жылдың қазанмен салыстырғанда жемістер мен көкөністер 4,7% (басты пияз–6,9%, ақ қауанды қырыққабат–6,4%, картоп–1,2%, алмұрт–0,9%, қызылша, алма–0,1%), 1 санаттағы жұмыртқа–4%, май және тоң май–1,3% (күнбағыс майы–2,1%, тұздалмаған сары май–1,3%), шай–1,2%, сүзбе майлылығы 5-9%–0,7%, алкогольдік ішімдіктер –0,4%, бірінші сұрыпты бидай ұны, сиыр еті, қой еті, ұнтақ жармасы, балық және теңіз өнімдері–0,1% қымбаттағаны тіркелді.
Сәбіз–4,3%, қант құмшекер–1,9%, макарон өнімдері–0,7%, сұлы жармасы–0,5%, күріш–0,3% арзандай түсті.
Азық-түлік емес тауарлардан дизель отыны–10,6%, сұйытылған газ (баллондағы)–2,4%, қатты отын–1,2%, киім және аяқ киім–0,9%, жуғыш және тазалағыш заттар, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,4%, фармацевтикалық өнімдері–0,3%, жеке пайдалануға арналған тауарлар–0,2%, бензин–0,1% қымбаттады.
Ақылы қызмет бойынша орталық жылыту тарифтері–17,2%, тұрғын үйді жалға беру–4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–3,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–1,7%, амбулаториялық қызметтер–0,7%, жолаушылар көлігінің қызметі–0,3% өсті.
________________________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы
Орындаушы:
A. E. Ернарова
Тел. +7 7222 36-27-25
Баға статистикасы бөлім басшысы:
Г.Т. Шакшанова
Тел. +7 7222 36-27-25
Адрес:
180000, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -