Үржар ауданындағы құрғақ шөптің жануы туралы ақпарат
Күні бұрын Үржар ауданының Қаракөл ауылдық округіне қарасты ашық аумақта алдын-ала есептеу бойынша 7000 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алған болатын.
Өртті сөндіруге ауа райы, жердің күрделі рельефі кедергі келтіріп, көбіне жаяу жүріп сөндіруге тура келгенмен, өрт толығымен екі тәулікте сөндірілді.
Өртті сөндіруге Абай облысының ТЖД барлығы 61 адам, 7 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараттары, "68303 әскери бөлімінен" 30 әскери қызметкер және 2 бірлік техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 43 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Үйлестірілген іс-қимылдардың арқасында 07 тамыз күні 11 сағат 40 минутта өрт толығымен сөндірілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -