Сүңгуірлік қызметтің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде (сүңгуірлік қызмет жөніндегі) қызметтердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 273) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық бейіндік қызметтердің, сүңгуірлік түсулер мен жұмыстардың ұйымдастырылуын егжей-тегжейлі көрсетеді. Онда сүңгуірлерді ұйымдастыруға, сүңгуір жабдықтары мен техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары тұжырымдалған.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 29 қарашасына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15293787
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -