СҚО әкімі жеке қабылдау жүргізді
Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар Солнечный-2 шағын ауданын абаттандыру, жер учаскесін бөлу және ауылдағы мәдениет нысанына қатысты мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, оларды орындауды бақылауда ұстап, сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету қажет деді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -