САЙРАМ СУ ЖАҒАЛАУЫНДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Базарбаев, Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар және жауапты мекеме қызметкерлері Сайрам су өзені жағалауындағы үйлерді су басу қаупін алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар бекітіліп, алдағы жоспарлар пысықталды.
Сонымен қатар Базарқақпа тұрғын алабы, Қарсақбай көшесіндегі Сайрам су өзенінің жағалауын абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -