ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА: Түркістан облысы, 30 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда. Шымкентте былтыр 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алса, оның ішінде 2 456 жолдама «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі.Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамызында Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіруде.– Балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан осы мамандықты таңдап, білім алдым. Жұмыс іздеу барысында Еңбек мобильділігі орталығына жүгінгенімде, мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіріп, осы балабақшаға жолдама берді. Өзім таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтап жатқаныма және осындағы тәжірибелі тәрбиешілермен әріптес болғаныма өте қуаныштымын. Оқу орнын аяқтаған жас түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға шақырамын, – дейді Д.Ахимбаева.Жыл басынан бері қалада 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. Сонымен қатар, 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осы ретте, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құрады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда. Шымкентте былтыр 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алса, оның ішінде 2 456 жолдама «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі.Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамызында Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіруде.– Балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан осы мамандықты таңдап, білім алдым. Жұмыс іздеу барысында Еңбек мобильділігі орталығына жүгінгенімде, мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіріп, осы балабақшаға жолдама берді. Өзім таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтап жатқаныма және осындағы тәжірибелі тәрбиешілермен әріптес болғаныма өте қуаныштымын. Оқу орнын аяқтаған жас түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға шақырамын, – дейді Д.Ахимбаева.Жыл басынан бері қалада 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. Сонымен қатар, 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осы ретте, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құрады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі</p>

Аймақтағы жаңалықтар