ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ENI PLENITUDE ARM WIND КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Италияның Eni Plenitude энергетикалық компаниясының Қазақстандағы «ArmWind» ЖШС-ның Бас директоры Федерико Пульезе бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады.
Баламалы энергия өндірумен айналысатын халықаралық энергетикалық компания Түркістан облысы, Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын заманауи технологияларға негізделген «Шәуілдір» күн электр станциясының құрылысын жүзеге асырған. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Кездесу барысында осы жобаның әлеуеті мен оның мүмкін болатын дамуы туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ энергия үнемдеу мен жаңартылатын қуат көздерін қолдануды өнеркәсіпті дамытуда пайдалану туралы талқыланды. «Күлтөбе» археологиялық алаңында 3D карталау жабдығын орнату мүмкіндігі туралы итальяндық компаниямен талқылаулар жүргізілді. Облыс әкімі бұл жұмыстардың аймақ үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, өңірдің дамуына бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін айтты.
– Осы уақытқа дейін өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс атқарып келдік және болашақта да бірлескен жобаларды іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастығымызды одан әрі дамытамыз деп үміттенеміз. Біздің өңіріміз жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Сондықтан осы жұмыстарды өңірдің өнеркәсіптік секторына да қолдануды қарастырудамыз. Осы бағытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын Өз тарапымыздан өңір дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
ArmWind компаниясының Бас директорі өз кезегінде аймақтың дамуына жергілікті еңбек күшін және техникалық дағдыларды арттыру арқылы үлес қосатын, сондай-ақ ArmWind компаниясының тұрақты даму миссиясына сәйкес жаңартылатын энергия көздері саласында жаңа мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында осы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.
Айта кетейік, италиялық Eni Plenitude Arm Wind компаниясы Түркістан қаласындағы мектепке қуаты 50 кВТ-қа тең күн электр станциясын орнатқан болатын, сондай-ақ басқа да энергия тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -