Салтанатты түрде ант етемін!: Астана қаласы, 27 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

Салтанатты түрде ант етемін!

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде әскери ант беру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара Кеңес Одағының Батыры,  № 1 Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асты.

Оңтүстік өңірде осы көктемде әскери қыщметке шақырылған екі мыңға жуық жас сарбаз туған Отанына адал болуға ант берді. Солардың қатарында Қазақстан Қарулы күштеріндегі бірден-бір тау қорықшысы полкінің мерзімді қызмет сарбаздары да әскери ант қабылдады.

Әріптестері мен командирлердің, сондай-ақ ата-аналарының қатысуымен өткен іс-шарада жас жауынгерлер Отанын қорғауға, әскери қызметтің ауыртпалықтарын табандылықпен көтеруге, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.

– Әскери анттағы әр сөз үлкен мағынаға ие. Оны салтанатты жағдайда оқыған соң ғана әскерге шақырылушы толыққанды әскери қызметшіге айналады. Сол арқылы әскери қызметті дұрыс атқару мен антқа адал болу жауапкершілігін өз мойнына алады, – деп атап өтті «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков.

Ант беру рәсіміне тау қорықшысы полкінің сарбаздары бір ай бойы дайындалды. Осы уақыт ішінде олар әскери өмір салтымен, полк тарихымен танысып, жас жауынгер курсын игерді. Жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығынан өтті.

– Мен қызмет етуге келген әскери бөлім еліміздегі бірегей бөлім. Қазақстанда ол жалғыз, әрі Бауыржан Момышұлының отанында орналасқан. Бұл бізге қосымша жауапкершілік жүктейді. Сол себепті ұлы қолбасшының есімі мен даңқына сай болуымыз керек, – деді Шымкентен шақырылған қатардағы жауынгер Рамазан Айдосұлы мақтанышпен.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласынан келген Алексей Кононовтың анасы Светлана Пешкова да ұлының әскерде қызмет өткеру туралы шешіміне бірден қолдау көрсеткен.

– Армиядағы қызмет жігіттерге ауадай қажет. Өйткені олар әскерде ер азамат болып жетіліп, қатаяды, – деді Светлана. Ол сондай-ақ, командирлер ұлдарына әскери істі игеруде және қызмет барысында кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенім білдірді.

– Әрбір жас әскерде қызмет өткеру керек деп есептеймін. Бұл жерде мінезі қалыптасып, ең жақсы азаматтық қасиеттері дамиды, – деп толықтырды сарбаз Төлепбек Нұрғалиұлының анасы Жанат Төреқұлова. – Біз ұлымызды бала кезінен бастап әскери борышты құрметтеуге тәрбиеледік. Ол енді қызмет етуге дайын.

Айта кету керек, тау қорықшысы полкі табиғаты көркем, Терісбұлақ су қоймасының жағасында, тау жотасының етегінде орналасқан.

– Маған бұл өлкенің табиғаты қатты ұнады. Айналаның бәрі тамаша. Әр таң сайын көңіл-күйім көтеріліп оянамын, – дейді Өскемен қаласынан қызмет етуге келген мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Данил Еникушкин. – Шынымды айтсам, мен қазірдің өзінде келісімшарт бойынша осында қызмет етуді ойластырып жатырмын. Әйтсе де, әрине, оны уақыт көрсетеді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің орындауындағы әскери марштар салтанатқа қатысушылардың жауынгерлік рухы мен көңіл-күйін көтеріп тастады. Сарбаздардың ата-аналары үшін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі ұйымдастырылып, әскери бөлімнің аумағы бойынша экскурсия жүргізілді.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар