Сарыжар ауылында жайлы мектеп салынуда
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мәртөк ауданының Сарыжарында 300 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.
Облыс әкімі Мәртөк ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мектеп құрылысын бағамдады.
Қазіргі уақытта мердігерлік ұйым «Норис и К» ЖШС нысанның қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша мектеп биыл тапсырылуы тиіс. Құны 3,61 млрд теңгені құрайды.
Ө
ңір басшысы
мердігерге ғимараттың пайдалануға беру мерзімін сақтауды тапсырды.
Сонымен қатар, Сарыжарда ұзындығы 340 м электрмен жабдықтау желілері қайта жаңартылуда, қолданыстағы инженерлік желілер ауыстырылуда, іргелес мектептің аумағы абаттандырылуда. Сондай-ақ Иманов, Әйтеке би, Әл-Фараби, Абай және Жездібай батыр көшелеріндегі жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын салу қарқынды.
«Мектеп құрылысымен бірге біз электр желілерін, білім ордасына кіреберіс жолдар мен тротуарларды ретке келтіреміз. Жайлы мектеп салу - білім беру сапасын арттыру және балаларымыздың білім алуына лайықты жағдай жасау үшін маңызды қадам. Жаңа мектепте сыныптар заманауи болады, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, бұл балаларға жайлы және қауіпсіз жағдайда білім алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыс әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -