Satbayev University ғалымдары мен студенттері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде
Қазақстанның жоғары оқу орындары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуден қалыс қалмады – Сәтбаев Университеті студенттердің бастамасымен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету үшін гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің ашылғаны туралы хабарлады.
Университет дүние-мүлкінен айырылған жәнекөмекке мұқтаж отбасылар үшін қажетті суда жүзу құралдары мен гигиеналық заттар, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін қабылдау орнын ашты.
Сонымен қатар университет ғалымдары да өзтараптарынан қайырымдылық танытып, зардап шеккендер қолдау көрсетіп отыр: ғалым Ербол Сағатов 50 литр сабын қайнатып, оны мұқтаж жандарға жіберді, ал қызметкерлер бір күндік еңбек жалақысын BIZBIRGEMIZ қорына аударды. Университет зардап шеккендерге атаулы көмек те көрсетті – зардап шеккен отбасылардан шыққан 19 студентке 241 000 теңге көлемінде материалдық көмек берілді.
Студенттер де игі істерден шет қалмады – олар декан Әділет Арзмағамбетовтің бастауыменеріктілер ретінде Атырауға бөгет салуға барды. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасына қатысып, «Satbayev Hunters» студенттік қоғамдастығының волонтерлері де Атырауға кәсіптік бағдарлама арқылы мектеп оқушыларымен кездесуге барған кезде сондағы еріктілер қозғалысына қосылып, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Сәтбаев Университеті – еліміздің түкпір-түпкірінен келген студенттерді оқытатын ұлттық жетекші жоғары оқу орны. Мұнда әрбір студенттің және олардың отбасыларының амандығына баса назар аударылып, оларға әрқашан қолдау көрсетіледі. Университет зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі игі бастамаға қосылуға барлықтарыңызды шақырады!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -