Саясат Нұрбек British Expertise International өкілдерімен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің British Expertise International өкілдерімен кездесуі өтті. Британдық компания делегациясын Білім, кәсіптік дағдылар және халықаралық даму жөніндегі директоры Анда-Луиза Эдвес бастап келді.
Кездесу аясында ведомство басшысы министрліктің қызметімен таныстырды. Қазақстан өңірлік академиялық хабқа айналып, Қытай, Италия, Германия, Оңтүстік Африка және басқа да елдерден шетелдік студенттерді көбірек тартып жатқандығын атап өтті. Министр стратегиялық серіктестікке, оның ішінде университеттер мен халықаралық ұйымдардың 300-ге жуық өкілі және British Expertise International өкілдері қатысқан ConnectED-2024 форумының сәтті өткеніне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында ынтымақтастық перспективалары, студенттер санын арттыру мүмкіндіктері, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге өтінімдер беру үшін тиісті платформаларды енгізу талқыланды.
Нәтижесінде Pearson Ltd. мен Ұлттық тестілеу орталығы арасында меморандумға қол қойылып, тараптар бұдан әрі табысты ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -