Сел кезіндегі халыққа арналған ұсынымдар
СЕЛ - таулы өзендердің арналары мен алқаптарында кенеттен пайда болатын, су және сазды бөлшектер мен ірі тастар, кесектерден тұратын таужыныс қоспасының қысқа мерзімді тау ағынын айтады.
Сулы тасты сел - судың көбінесе ірі тастармен және қойтастардан, малтатастардан, кесектерден, құмнан тұратын әр текті құрамымен қоспасы. Оның құрамында саз балшық аз мөлшерде болады. Көлемдік салмагы 1,1 —1,5 т/мЗ.
Балшықты сулы сел - судың саз балшықтармен, ұсақ топырақтармен, малтатастармен, ірі құммен, ұсақ тастармен қоспасы, оның қүрамынан ірі тастарды да байқауға болады.
Көлемдік салмағы 2,1—2,5 т/мЗ.
Балшықты сел - құрамында аз ғана тастары бар сел. Көлемдік салмағы 1,5—2,0 т/мЗ.
Сулы-қарлы-тасты сел - селдің қар көшкініне көшу кезеңі.
Сел қауіпі бар аумақ - адамдарга, экономика объектілеріне, табиғатқа қаупі бар селдік үрдістердің қарқынды дамуымен сипатталатын аумақ.
Кіріспе
Селдер Қазақстан Республикасының тау аймақтарында жиі болып тұрады. Селдің болу себептері:
Ұзақ және толассыз, мол жаңбыр. Жаһандық жылыну. Қар мен мұздақтардың қарқынды еруі. Көлдер мен су айдындары арнасының бұзылуы. Жер сілкіністері және жанартаудың атылуы. Ормандардың шабылуы. Тау баурайындағы топырақ жамылғысының құлдырауы; жол салу кезіндегі таужыныстардың жарылуы, ашық кеніштердегі (карьерлердегі) жұмыстар; үйінділерді дұрыс орналастырмау.Сел миллион текше метр жабысқақ, тұтқыр массадан тұрады. Ол кенеттен пайда болады, үлкен жылдамдықпен қозғалады (10 м/с дейін және одан да жоғары) және бірнеше толқынмен он минуттықтан бірнеше сағаттық уақытқа дейін өте алады. Әдетте сел ағыны болатын жерлер белгілі болады. Селдің су тасқынынан айырмашылығы сол, ол бөлек-бөлек толқындар болып ағады. Селдің бірінші толқыны 15 м-ге дейін және одан да жоғары биіктікке көтеріледі.
Массасы көп және 15-20 км/с жылдамдығы бар сел үлкен қиратуларға, адамдар мен жануарлардың өліміне әкеледі. Жабайы күші мен дүлейлігі үшін селді «таудың айдаһары» деп атайды. Қозғалып келе жатқан селдің гүрілдеуі мен уілдеуі үлкен қашықтыққа дейін естіледі. Апатқа адамдар (саяхатшылар, геолог барлаушылар, шекарашылар, жергілікті тұрғындар), тұрғын үйлер, инженерлік және жол құрылыстары ұшырауы мүмкін. Сел қаупі бар аймақта селмен күресжүргізудің мынандай инженерлікжолдары бар: дамбалар, қабырғалар, бөгеттер, балшықты су ағынын басқа жаққа бұрып жіберетін каналдарды құру және т.б.
Сел апаттық (аса қауіпті) гидрологиялық құбылыс болып табылады. Сел ағыны темір және автокөлік жолдарына, суару жүйесі мен басқа да маңызды экономикалық объектілерге зиянын тигізеді. Сел ағыны олардың іс-әрекет аумағында орналасқан елді мекенге өте қауіпті. Әр таулы ауданға селдің пайда болу статистикасының белгілі бір себептері тән. Осылай, Іле Алатауындағы бақылауға алынған барлық үлкен селдер көлдер арнасының бұзылуы, үлкен аумақты қамтыған нөсерлі жаңбырлардың өтуі салдарынан болған.
Селдің алдын алу үшін келесі ша-раларды өткізу ұсынылады:
Селге қарсы тұратын дамбалар мен бөгеттерді күшейту. Қоршалған каналдардың құрылысы. Тау көлдері деңгейінің төмендетілуі. Ағаштарды отырғызу арқылы тау бөктеріндегі жерді нығайту. Бақылауды жүргізу, хабар беру жүйесін ұйымдастыру және көшуді жоспарлау.Селге қалай дайындалу керек?
Үлкендермен бірге өз қозғалыс жолдарыңыздағы қауіпті жерлерді зерттеп, олардан аулақ болуға тырысыңыздар, әсіресе мол жаңбырлардан кейін ондай қауіпті жерлерден аулақ болыңыздар. Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар. Алдын ала көшу кезінде үйлеріңіздегі электр жарығын, газды, суды өшіріп кетіңіздер. Есік, терезелеріңізді және желдеткіш тесіктерін тығыздап жауып кетіңіздер. Сел қаупі бар кезеңде тауға шығуды кейінге қалдырыңыздар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -