Семей қаласында ажыратылған жаттығу өткізу туралы
2025 жылғы 18 наурыз күні Абай облысы Семей қаласында терроризмге қарсы Абай облыстық жедел штабының жедел топтарымен ажыратылған жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу – жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алыныз, жалған таралмауына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Абай облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -