Семей қаласында суда екі адам құтқарылды
Бүгін сағат 13.00 шамасында Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалау аймағын жаяу патрульдеу кезінде Абай облысы ТЖД 2 қызметкері бар жаяу патруль «Малый Котлован» аумағында қызды құтқарды. Ақпарат жинау барысында азаматша шомылу кезінде аяқтары тартылып, суға бата бастаған. Суға батып бара жатқан қызды көрген бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Жұматай Әмір көмекке асықты. Қызды жағаға жеткізгеннен кейін қызметкер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Екінші оқиға Бобровка саяжайы ауданында 14 сағат 07 минутта болды, онда жаяу патрульдеу кезінде Абай облысы ТЖД қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған 1943 жылы туған ер адамды судан құтқарды. Ол, полиция қызметкерлеріне табысталды.
Қазіргі уақытта құтқарылғандардың жағдайлары қанағаттанарлық, олар медициналық көмекке мұқтаж емес.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -