ШҚО Зайсан ауданында жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды: Шығыс Қазақстан облысы, 03 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШҚО Зайсан ауданында жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды

ШҚО Зайсан ауданында жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды

ШҚО Зайсан ауданында жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды

ШҚО Зайсан қаласынан 28 шақырым қашықтықта орналасқан Сәтпай елді мекенінде жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұғайни Қабидолдина Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді. - Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланған,- деді Нұрғайни Қабидолдина. Сонымен қатар ауданда республикалық маңыздағы бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде ең маңыздысы — «Омск-Майқапшағай» автожолын қайта жаңғырту жобасы. Бұл жоба «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүзеге асырылып, есепті кезеңде 17, 4 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға қатысқан тағы бір мердігер — «Синьсин» компаниясы 15,7 млрд. теңге қаражат жұмсады.Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі көлік-логистикалық жүйенің дамуына үлес қосады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаңа әуежай аймаққа туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жергілікті бизнеске қолдау көрсетеді.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>ШҚО Зайсан қаласынан 28 шақырым қашықтықта орналасқан Сәтпай елді мекенінде жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұғайни Қабидолдина Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді. - Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланған,- деді Нұрғайни Қабидолдина. Сонымен қатар ауданда республикалық маңыздағы бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде ең маңыздысы — «Омск-Майқапшағай» автожолын қайта жаңғырту жобасы. Бұл жоба «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүзеге асырылып, есепті кезеңде 17, 4 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға қатысқан тағы бір мердігер — «Синьсин» компаниясы 15,7 млрд. теңге қаражат жұмсады.Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі көлік-логистикалық жүйенің дамуына үлес қосады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаңа әуежай аймаққа туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жергілікті бизнеске қолдау көрсетеді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz
krmm.kz