Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 «Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласы әкімінің шешімінің жобасына БАСПАСӨІ РЕЛИЗІ
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 «Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласы әкімінің шешімінің жобасын (бұдан әрі - Шешім жобасы) дайындады.
Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» бұйрығына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 5, 2024 жылғы 25 қарашадағы №7 кезекті отырыстарының хаттамаларына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы қауіпсіздік шараларын арттыру және жедел ден қоюды күшейту мақсатында қабылданады.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында келесі сілтеме бойынша орналастырылған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/documents/details/755683?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -