Шағын ГЭС құрылысына аукциондық сауда-саттық өтті
2024 жылғы 11 маусымда белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт гидроэлектр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін (Тентек өзенін қоспағанда) ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 110 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 44.35 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 41.23 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз). Өтінімдердің баға диапазонының төмендеуі 41.23-тен 10 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін құрады.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 20-дан 20.7 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:
«Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 10 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз); «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық бағасы 11 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз); «Алтын-Гидро» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз); «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Азия Даму Банкі және USAID өкілдері қатысты.
Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
Келесі аукцион 2024 жылғы 12 маусымға ҚР БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша (Тентек өзенін қоспағанда) жалпы белгіленген қуаты 10 МВт гидроэлектр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -