Шағын ГЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындылары
2024 жылғы 12 маусымда ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді (Тентек өзенін қоспағанда) белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт гидро электр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 25 баға ұсынысын берді.
Аукциондық
сауда-саттыққа
қатысушылардан
қуаттың
мәлімделген
жиынтық
көлемі
35.55
МВт
құрады.ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2024 жылы 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазонының төмендеуі 41.23-тен 8 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін құрады.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 13.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық
сауда
-саттық
қорытындысы
бойыншажеңімпаздар
болыпкелесі
компаниялар
анықталды
: «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық бағасы 8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз); «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 30 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «EcoJer» қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.
Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
Келесі аукцион 2024 жылғы 13 маусымға белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жел электр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -