Шаяндардың қырылуына қатысты мәлімдеме
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз. Осыған орай шұғыл түрде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барды. Ауа-райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін болмады. Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды. Мониторинг жалғасуда, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -