Шет елдің бейінді жоғары оқу орындарына түскен курсанттар ант қабылдады
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін 1-ші курстың 20 курсантының ант қабылдау рәсімі өтті.
Академия бастығының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Миржан Әлменбаев бірінші курс курсанттарын курсанттық өміріндегі алғашқы айтулы оқиғамен құттықтай отырып, алдағы оқуда табыс, қиындықтарды еңсеруде берік болуды тіледі және бүгін ант қабылдаушылардың барлығы шығарылым курсының құрамында лейтенант атақтарын және дипломдарды алатынына сенім білдірді.
Курсанттар атынан Диас Бөден өз қатарластарына сәттілік пен ақ жол тіледі. Ал барлық ата-аналардың ақ жарма тілегін Нұржан Мұқашев жеткізді. Ол бірінші курс курсанттарының айтқан анттары әрқайсысын өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қасиетті сақтауға, жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындауға, құтқарушының жоғары атағын қадірлеуге міндеттейтінін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволық білім беруді дамытуға ерекше назар аударады, өйткені жүйенің тиімді жұмысының басты шарттарының бірі қызметтер мен бөлімшелерді кадрлық нығайту, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азааттық қорғау академиясының
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -