Шет елдің студенттері назардан тыс қалмады
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да оқитын Пәкістан студенттері арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде дәріс өткізілді.
Кездесуде ТҚО бөлімінің қызметкері және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы Н.Мурзабаев сөз сөйледі.
Тыңдаушыларға радикалды ағым белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы жеткізілді. Сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білімін, оның ішінде құқықтық сананы, отбасы мен қоғамда толерантты дәстүрлерді бекітуді арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Шараға 300-ге жуық шетелдік студенттер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Материал Алматы қаласы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -