Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Ақтөбе облысына іссапармен барды
Айдар Сайтбеков Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Жиында министрдің орынбасары жұмыстың ауқымдылығын атап өтіп, ішкі істер министрі қойған қоғамдағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрестегі міндеттерді түсіндірді.
Спикер құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, қоғам алдында полиция сенімді қорғаныс және тірек ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және шешу үшін полицейлердің азаматтармен тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, әрбір тәртіп сақшысы антқа адал болуы керек, күнделікті жұмыста заңды қатаң ұстануы керек.
Іссапар барысында Айдар Сайтбеков Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусуповпен бірге мектепке барды, онда қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Руслан Жолдыбаевтың атындағы кабинет ашылды. Қайтыс болған қызметкердің отбасымен кездесті.
Руслан Жолдыбаев 2011 жылғы 1 шілдеде Темір ауданында қарулы діни-экстремистік қылмыстық топқа тосқауыл болу барысында ерлікпен қаза тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін “Айбын” орденімен марапатталған.
– Батыр ұлыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің ұлыңыз біздің қауіпсіздігіміз үшін өмірін арнады. Біз өз кезегінде олардың ерлігін өскелең ұрпақ үшін жадымызда сақтауымыз керек. Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан барлық полиция қызметкерінің құрметіне осындай сыныптар ашылуда. Бұл ең алдымен, жастарды тәрбиелеу және тарихта қалады. Оның ерлігі бәрімізге үлгі олып қалады, – деп атап өтті Сайтбеков.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -