Шымкент тұрғындары жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болған: Астана қаласы, 14 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шымкент тұрғындары жалған доллар мен есірткі заттарын сатпақ болған

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан.

Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.

Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан.

Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.

Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар