Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар су айдындарында торуылдауды жүзеге асырады
Аймақта ыстық ауа-райы тұрақтанды және азаматтардың көпшілігі судың жанында уақыт өткізуге асығады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жағажайлар қатты назарға алынып, кезекшілік қайықтармен жүзеге асырылады. Демалушыларға қауіпсіздік ережелерін үйретеді, арнайы жадынамалар табысталынады және ережелерді елемегені үшін, атап айтқанда тыйым салынған жерлерде шомылу әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Мұндай рейдтерді жүргізу қажеттіліктен туындайды – судағы жазатайым оқиғалардың жыл сайынғы қайғылы статистикасы.
«Шомылу кезеңі басталғаннан бері барлығы 713 рейд жүргізілді. Уақтылы профилактиканың арқасында 11 бұзушы ӘҚБтК - нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 адам кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы)», - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
ШҚО ТЖД ескертеді, демалыс орындарында су айдынында болған кезде жол берілмейді:
мас күйінде суға кіріп, шомылу;- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;- жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзу;- жүзуге арналмаған заттармен жүзу;- ересектердің сүйемелдеуінсіз балаларға суға кіру. ШҚО ТЖД баспасөз қызметіАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -