Шығыс Қазақстан облысындағы «Орман» профилактикалық іс-шараларының қорытындысы: Астана қаласы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы «Орман» профилактикалық іс-шараларының қорытындысы

Өткен брифингте ТЖД қызметкерлері 7-14 шілде аралығында ормандарда өрттің алдын алу мақсатында департамент мүдделі органдармен бірлесіп 79 рейд және орман аймағында орналасқан объектілердің демалыс үйлері, сауықтыру лагерлері иелерімен 109-дан астам кездесу өткізгенін айтты. Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіретін 225 ұсыныс ұсынылды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев атап өткендей, «Орман» сынды профилактикалық іс-шаралар әсіресе өрт кезінде маңызды. Осы уақыт ішінде облыста жалпы алаңы 0,3 гектарды құрайтын 8 орман өрті және 48,4 гектар аумақты құрайтын 15 дала жануы тіркелді.

Құрылған мобильді топтар, жалпы саны 279 адам орман алқабында 810 рейд жүргізді. Нәтижесінде 32 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 26 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, шаруа қожалықтарымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Олармен 183 кездесу, 1786 брифинг, 163 дөңгелек үстел өткізіліп, онда өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді.

Орман аймағының аумағына табиғи өрттердің таралуын болдырмау мақсатында минералданған жолақтар жасау және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Ал ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдар арасында табиғи өрттерді сөндіру кезінде жедел ынтымақтастық үшін Күршім, Глубоковский, Тарбағатай, Катонқарағай, Алтай және Самар аудандарында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар, мамандар атап өткендей, өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтар орманға барудан бас тартып, шөп жағуға және табиғатта от жағуға жол бермеу керек.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өткен брифингте ТЖД қызметкерлері 7-14 шілде аралығында ормандарда өрттің алдын алу мақсатында департамент мүдделі органдармен бірлесіп 79 рейд және орман аймағында орналасқан объектілердің демалыс үйлері, сауықтыру лагерлері иелерімен 109-дан астам кездесу өткізгенін айтты. Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіретін 225 ұсыныс ұсынылды.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев атап өткендей, «Орман» сынды профилактикалық іс-шаралар әсіресе өрт кезінде маңызды. Осы уақыт ішінде облыста жалпы алаңы 0,3 гектарды құрайтын 8 орман өрті және 48,4 гектар аумақты құрайтын 15 дала жануы тіркелді.

Құрылған мобильді топтар, жалпы саны 279 адам орман алқабында 810 рейд жүргізді. Нәтижесінде 32 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 26 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, шаруа қожалықтарымен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Олармен 183 кездесу, 1786 брифинг, 163 дөңгелек үстел өткізіліп, онда өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді.

Орман аймағының аумағына табиғи өрттердің таралуын болдырмау мақсатында минералданған жолақтар жасау және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Ал ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдар арасында табиғи өрттерді сөндіру кезінде жедел ынтымақтастық үшін Күршім, Глубоковский, Тарбағатай, Катонқарағай, Алтай және Самар аудандарында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар, мамандар атап өткендей, өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтар орманға барудан бас тартып, шөп жағуға және табиғатта от жағуға жол бермеу керек.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар