Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңадан құрылған Марқакөл ауданының әкімін тағайындады
Бүгін өңір басшысы Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында жаңа әкімді тұрғындармен таныстырды.
Аудан әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды, бұған дейін Марқакөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып, аудан әкімінің міндетін атқарған.
Айта кетейік, Рүстембек Кемешев 2019 жылдан бастап Марқакөл ауылында жұмыс жасайды, 2020 жылдан бастап ауылдық округ әкімінің міндетін атқарды, 2023 жылы осы қызметке тағайындалды. Сондықтан жаңадан құрылған ауданның жағдайын біледі, келешегі мен осал тұстарын түсініп, ең бастысы Марқакөл ауданының тыныс-тіршілігін жақсы жаққа өзгертіп, еңбек етуге дайын екені анық. Жаңадан құрылған ауданда қызметтік міндеттерін атқара отырып Рүстембек Кемешев су тасқыны кезінде өзін білікті басшы ретінде көрсетті. Марқакөлдің көркейіп, өркендеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын түсінетін аудан тұрғындары да мұны жақсы қабылдады.
Рүстембек Кемешев Шығыс Қазақстан облысының тумасы, еңбек жолын бастағаннан бері облыстан ешқайда кетпеген. Облыс әкімі өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, барлық міндеттерді толығымен атқаратының атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -